ОҚО ШЫМКЕНТ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2007.25.12. № 5/39-4С ШЕШІМІ (БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

2008 жылға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы

Оңтүстік Қазақстан Облысы Шымкент қалалық мәслихатының 25 желтоқсандағы 2007 жылғы № 5/39-4с шешімі

 

Осы редакция 2008 жылғы 17 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 3/14-IV «2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:

1. 2008 жылға арналған қала бюджеті 1- қосымшаға сәйкес келесідей көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 33 603 950 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 11 696 011 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 11 237 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 15 586 331 мың теңге;

ресми трансферттерден түсетін түсімдер - 6 310 371 мың теңге;

2) шығындар - 23 585 234 мың теңге;

3) операциялық сальдо - 10 018 716 мың теңге;

4) таза бюджеттік кредиттер беру - -14 700 мың теңге, оның ішінде бюджеттік кредиттерді өтеу - 14 700 мың теңге.

5) қаржы активтерімен операция жасаудағы сальдо - 2 659 059 мың теңге;

6 )бюджеттің профициті - 7 374 357 мың теңге;

7) бюджет профицитін пайдалану - - 7 374 357 мың теңге.

2. 2008 жылда жоғарыда көрсетілген облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген қала бюджетінің салық түсімдер көлемі жеке табыс салығы және әлеуметтік салық 20 пайыз болып қабылдансын.

3. Қала әкімдігінің 2008 жылға арналған резерві 591 887 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде:

шұғыл шығындарға арналған резерві - 47 900 мың теңге;

төтенше резерві - 541 827 мың теңге;

соттардың шешімдері бойынша міндеттемелердін орындау үшін резерві - 2 160 мың теңге.

4. 2008 жылға арналған қала бюджетінде, облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюлар 419 861 мың теңге көлемінде ескерілсін.

5. 2008 жылға арналған қала бюджетінде облыстық бюджеттен ағымдағы мақсатты трансферттер есебінен жолдарды орташа жөндеуге 5 656 757 мың теңге қарастырылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.